AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі Ақылды Кампусты ұсынады

ЦентрКредит Банкі оқушылардың озық дамуы мен қауіпсіздігіне арналған жаңа буынды Ақылды Кампус жобасын ұсынады.

Банктің алғашқы Ақылды Кампусы «Ақбөбек» мектебінде (Ақтобе қ.) енгізіліп, оқушыларға кезігетін негізгі процестер жаңа технологиялық шешімдерді қолдана отырып, цифрландырылды.

  • Мектепке қауіпсіз кіру – ата-аналарға автоматты түрде хабарланады және мұғалімдер үшін мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы тіркеледі, бөтен адамдар кіре алмайды.
  • Мектеп асханасында оңай, тез және қауіпсіз төлеу. Майда ақшаны іздеу қажет емес. Планшеттен мәзірді таңдау, тамақтануға арналған ішкі талондарды пайдалану. Ата-анасы баланың тамақтануын қадағалап, шығыстар есебін жүргізе алады. Әр түскі ас үшін кэшбэк (ақшаны қайтару, жасалған төлем үшін бонустар) ұсынылады.
  • Кітапханадан кітаптар алу және оларды қадағалау. Әр кітапқа чип енгізілген, бұл кітап қорының есебін жүргізуді жеңілдетеді. Кітапхананы цифрландыру кітап іздеу үшін уақытты үнемдеуге әкеледі. Мерзімінде тапсырылмаған кітаптарды, олардың жатқан жерін анықтау және оқушыға хабарлама жіберу, сондай-ақ кітапты жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін картадан автоматты түрде ақшаны ұстап қалуды енгізу оңай. Бұл опция мектеп кітапханасынан алынған кітаптарды ұқыпты ұстауға ынталандырады.

ЦентрКредит Банкі Қазақстанның жаңа буынына бағытталған білім беру жобаларын әрдайым қолдайды. Junior Bank жобасы сіздерге қаржылық білім алуға көмектеседі. Бұл – балаларға арналған мобильді қосымша және ыңғайлы банк картасы. Оқушы картаны басқарады, төлем жасайды, ақша сұрай алады, қайтарылған ақшаны (кэшбэк) жинақтайды, жасалған төлемдер тарихын бақылайды. Бұл уақытта ата-ана лимиттер белгілей алады, транзакцияларды тексереді, ақша аударады және картаны бұғаттау мүмкіндігіне ие болады.

“Junior Bank – біздің бірегей өніміміз, ол әр отбасындағы кішкентай батырлардың күнделікті өмірін жеңілдетіп қана қоймай, елдегі қаржылық сауаттылықты дамытуға да ықпал етеді. Біз барлық клиенттеріміздің, соның ішінде ең кішкентай клиенттеріміздің өмірін жақсарту үшін технологиялық қызметтер мен өнімдерді көбірек жасағымыз келеді”, – деп атап өтті Junior Bank дирекциясының басшысы Нұргүл Бимағамбетова.

Осы бағдарлама бойынша мектеп оқушының картасын алу үшін ата-аналар банк клиенті болса, қосымшада немесе ресми сайтында өтінім беруі тиіс немесе тікелей кез келген банк бөлімшесіне хабарласуы керек. Карта дереу шығарылып, оған тегін қызмет көрсетіледі.

Ақылды Кампус жобасын Қазақстанның кез келген оқу орнында – мектепте, колледжде немесе университетте – оңай іске асыруға болады. Ақылды Кампус – бұл балаға кіру рұқсатын беретін карта, оның тамақтану картасы, кітапхана картасы, шәкіртақы картасы, жеке өзінің мобильді қосымшасы, ата-анасының Junior Bank жеке кабинеті және бәріне ұсынылатын қаржылық сауаттылық.

«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып, ыңғайлы банк өнімдеріне бағытталған әмбебап бизнес-моделі бар Қазақстанның ең алғашқы және ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең филиалдық желісі бар, ол Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 130-дан астам бөлімшесі арқылы жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Банк операциялары мен өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр