Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі: 34 жыл сізбен бірге!

Бүгін еліміздің ең ірі қаржы институттарының бірі ЦентрКредит Банкі өзінің 34 жылдығын атап өтуде. Банк активтер көлемі бойынша 3-орында, жеке тұлғалар депозиттерінің өсімі бойынша 2-орында және коммерциялық банктер арасында нарық үлесі бойынша 3-орында тұр. Заңды тұлғалардың депозиттері екі есе өсіп, Еуразиялық Даму Банкі бойынша ТОП-10 арасында 3-орынды иеленді. Банктің нәтижелері S&P және Moody's халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары бағаға ие болып, кредиттік рейтингтерін арттырды.

"Біз керемет нәтижелерге қол жеткіздік, бірақ әлі де жолымыздың ортасындамыз. Қысқа мерзімде Eco Center Bank-пен интеграцияны аяқтадық және одан әрі жаңа өнімдер мен сервистерді дамытуға дайынбыз. Біздің мақсатымыз — қазақстандықтардың қаржылық мәселелерін шеше алатын сенім орталыққа айналып, кәсіпкерлер арасында №1 таңдауға ие болу”, — деп пікір білдірді ЦентрКредит Банкінің басқарма төрағасы Галим Хусаинов.

Банк клиенттерінің жалпы саны 2 миллионнан асты. Сондай-ақ банк елдегі карточкалық нарық үлесі бойынша 3-орынды иеленеді. +1 миллион тұтынушы бөліп төлеуді, несие картасын және дебеттік шотты біріктіретін #картакарта жаңа флагмандық өнімін пайдаланады. 400 мың азамат белсенді түрде банк карталары бойынша жалақы алады. Бұнымен қоса нарық үлесі 70%-дан асатын елдегі сыйлықақы карталары бойынша №1 орынға ие. 100 мың бала #JuniorCard-ты белсенді қолданады.

Осы жылы ипотекалық несие бойынша 12,8 мың өтінім рәсімделді. ЦентрКредит банкі "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы және жеңілдікпен автокредит беру жобасы бойынша да халықтың №1 таңдауы болып тұр. Автонесиелендіру бойынша банктің жалпы үлесі 30% - ға жетті.

Сондай-ақ бүгінгі таңда клиент барлық банктік операциялардың 90%-ын BCC.KZ қосымшасы арқылы жасай алады. Ол MarksWebb зерттеуі бойынша ЕДБ елдерінің арасында мобильді қосымшалардың көшбасшысы болды. Сондай-ақ банкте 400 мыңнан астам белсенді клиент төлемдер жүргізіп, банктің мобильді қосымшасында ақша аударымдарын пайдаланады.

Сонымен қатар күн сайын 100 мыңнан астам кәсіпкер банк қызметін қолданып, ЦентрКредит Банкімен бірге өз бизнесін дамытуда. Ай сайын 4000-нан астам кәсіпкер жаңа клиенттерге айналуда, оның ішінде 3 500 клиент бөлімшеге бармай және BCC Business мобильді қосымшасын пайдаланбай, онлайн шоттар ашады. Кәсіпкерлерге 24/7 режимінде өз міндеттерін жедел шешуге #business шотындағы карта көмектеседі.

Бұнымен қоса 20 мыңнан астам белсенді клиент үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, банктің меншікті FX-платформасында валюта айырбастау операцияларын жасай алады. 

Биыл #JuniorBank арқасында балалар мен білім беру саласындағы бірнеше бастамаларға қолдау көрсетілді. Осындай жобалардың бірі - "Bala Qorgau". Оның басты мақсаты – көмек қажет ететін балалар мен ата-аналарға психологиялық жәрдем беру.

"Біз бизнестің дамуына ғана үлес қосып қоймай, сонымен қатар банкіміз үлгісінде әрбір клиентке жеке тәсіл арқылы сапалы сервисті көрсеткіміз келеді. Баршаңызға сенім білдіргеніңіз үшін рахмет", — дейді Галим Хусаинов. 

* лицензияны №1.2.25/195/34 03.02.2020 ж., ҚР ҚНРДА берген

Талқылау