Сәтқалиев "Газпромның" мәлімдемесіне түсініктеме беріп, газ бағасының еліміз үшін әділетті болатынын айтты
Қазақстан Республикасының энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "Газпромның" Қазақстан келетін ресейлік газ бағасына қатысты мәлімдемесіне түсінік берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр журналистер берген жауабында “әділ баға белгілеуге уәде беретінін” айтқан.
“Баға белгілі бір өнімді өндірушілердің базалық құнға салған рентабельділігінен өзіндік құнға, тасымалдауға сәйкес қалыптасады. Газ бағасын "Газпром" корпорациясы мен Ресей үкіметі белгілейтінін біз түсінеміз. Біз баға белгілеу Қазақстан және Беларусь Республикасымен қарым-қатынасына байланысты әділ болатынына сенімдіміз. Сондай-ақ біздің елдер арасындағы стратегиялық әріптестік факторлары, оның ішінде экономикалық параметрлер де ескерілетін болады”, – деді министр үкімет кулуарында.
- Алдағы үш айда сұйытылған газ бағасы қымбаттайды: Энергетика министрі
- Комиссия Қазақстандағы ірі мұнай-газ компанияларының бірін жекешелендіруді заңсыз деп таныды
Еске салайық, 19 сәуірде Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан үшін ресейлік газдың бағасы Беларуське қарағанда "әлдеқайда төмен", ал "еуропалық бағадан бірнеше есе арзан" болатынын айтқан.
Кейін "Газпром" Қазақстан үшін ресейлік газдың бағасы "арзан болады" деген сөзін жоққа шығарған.