Семейде ер адам өзін мүгедек адам ретінде көрсетіп, қайыр сұрап, ақша жинаған (видео)
Фото: Видеодан скрин
Семейде полицейлер өзін мүгедек адам ретінде көрсетіп, ақша жинаған 39 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, ер адам Засядко көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің маңында қайыр сұраумен айналысқан. Ол инсульттан кейінгі салдар бардай кейіп танытып, азаматтарды алдап, аяушылық тудырған.
Кейін қала белсендісі оны видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялаған. Белсенді ол адамға шынымен мұқтаж екен деп көмектескенін айтқан. Алайда желі қолданушылары оның денсаулығында ешқандай ақау жоқ екенін мәлімдеген. Нәтижесінде полицейлер "қулыққа барған науқасты" қайыр сұрағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол Семей қаласы полиция басқармасының арнайы қабылдау бөлімінде белгіленген жазасын өтеп шықты.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте шетелдік қыздар қайырымдылықты сылтауратып, дымқыл майлықтар сатқаны туралы жазған едік.
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді