Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Месси бар, Криштиану Роналду жоқ: ФИФА жаппай жанкүйерлердің сынына қалды

футболФото: ФИФА

Осыдан бірнеше күн бұрын ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының жарнамалық постерін жариялады. Алайда көп уақыт өтпей бұл постыны әлеуметтік желіден өшіріп тастауға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Себебі бұл постыда Португалияның атақты шабуылшысы, даңқты футболшы Криштиану Роналдуның суреті жоқ.

Бұл жайт көп жанкүйерлердің наразылығын тудырды.

Португалия құрамасынан тек Бруну Фернандешті суреті ғана көрсетілген.

Бұдан өзге Лионель Месси , Килиан Мбаппе, Садио Мане, Мохамед Салах, Эрлинг Холанд сияқты айдарынан жел есетін атақты футболшылардың бәрі бар. Осыған байланысты жанкүйерлер тарапы әртүрлі сын-пікір жазды. 


"20 жыл бойы Мессимен бірге әр әлем чемпионатының символы болды. Онсыз постер жат көрінеді”, "Маркетинг жағынан алғанда Роналдудың әсері орасан, оны қоспау ақылға қонымсыз", “Футболдың ең үлкен бет-бейнесі жоқ – түсініксіз", “Месси мен Роналдуның бөліп-жару қате деп ойлаймын”, “Роналдусыз әлем чемпионатын елестету біртүрлі екен”, – деген осыған ұқсас пікірлер қарша борауда.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. 




 

41 жастағы Криштиану Роналду алғаш рет әлем чемпионатына 2006 жылы қатысқан. 2026 жылғы әлем чемпионаты оның мансабындағы ең соңғы әлем чемпионаты болуы мүмкін.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 21 Қараша, 2025 12:13
Талқылау