“Мен сіздерге 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым!" — Қуат Хамитов
Фото:kff_team
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстанның жастар құрамасын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 9 қазан күні сырт алаңда Андорра құрамасымен матч өткізіп, 1:0 есебімен жерлестеріміз есе жіберген еді. Осыдан кейіг Хамитов kzsports сайтының instagram әлеуметті желідегі парақшасында футболшыларды сынап, жазба қалдырды.
“Мен сіздерге 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым! Маған сенбедіңдер!” — деп жазған Қуат Хамитов.
Қуат Хамитов бұған дейін де отандық футболды бірнеше рет сынаған еді.
Естеріңізге салсақ, 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде футболдан Қазақстан жастар құрамасы үш ойынның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген соң турнир кестесінің бесінші сатысына төмендеді.
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандықтардың жалақысының аз болуы түбінде неге әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі