Килиан Мбаппе "Реал Мадридтің" 2024/25 маусымындағы үздік сұрмерген атанды

Фото:Adam Nurkiewicz/Getty Images
Килиан Мбаппе – 2024/25 маусымының "Алтын бутсы" иегері. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Реал Мадрид” клубы ресми түрде мәлімдеді: ертең, 31 қазан күні сағат 13:30-да “Сантьяго Бернабеу” стадионының президенттік ложасында Килиан Мбаппеге 2024/25 маусымының “Алтын бутсы” жүлдесі табысталмақ.
Шараға клуб президенті Флорентино Перес, Еуропалық спорт медиа ұйымының өкілі Хуан Игнасио Гальярдо, сондай-ақ команданың бас бапкері Хаби Алонсо мен негізгі құрам ойыншылары қатысады.
Бұл сыйлық Мбаппенің мадридтік клубтағы алғашқы жеке марапаты болмақ. Француз жұлдызы дебюттік маусымында барлық жарыстарда 59 ойында 44 гол және 5 нәтижелі пас беріп, керемет нәтиже көрсетті. Оның 31 голы Ла Лигада соғылып, Пичичи атағын жеңіп алуға мүмкіндік сыйлады.
ПСЖ-дан еркін агент ретінде келген 26 жастағы шабуылшы жаңа маусымды да керемет бастады. Ол қазірдің өзінде – 13 матчта 16 гол және 2 нәтижелі пасымен көзге түмьі. Егер осылай жалғастыра берсе, Килиан Мбаппені тағы бір Еуропаның “Алтын бутсысы” күтіп тұрғаны анық.


 
