Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльстен жеңіліп қалды
Фото: KFF.KZ
Футболдан 2026 жылы өтетін Әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойында Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Уэльс командасымен күш сынасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу "Астана Аренада" өтіп, 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Матчқа Испаниялық төреші Алехандро Эрнандес бастаған қазылар алқасы қызмет атқарды. Қарсылас фаворит саналған ойында алғашқы минуттардан допқа көбірек иелік етті. 24-минутта Киффер Мур есеп ашып, жеңіс голын соқты. Бұған дейінгі айып добынан кейін қақпашы Темірлан Анарбеков алғашқы соққыны қайтара алғанымен, екінші соққыны тоқтата алмады.
Қазақстан құрамасы да бірнеше рет есепті теңестіруге мүмкіндіктері болды. Әсіресе Ғалымжан Кенжебек бір соққысымен қақпа маңдайшасын шайқалтты. Кейін оның орнына алаңға Ислам Чесноков шыққанымен, шабуылдар нәтижесіз аяқталды.
Осылайша, ойын 0:1 есебімен тәмамдалды. Енді ұлттық құрама алдағы матчты сырт алаңда Бельгияға қарсы өткізеді.
Қазақстан — Уэльс 0:1 (0:1)
Гол: Мур, 24 (0:1).

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
