Боксшы Абылайхан Жүсіпов Өзбекстан құрамасымен бірге дайындалмақ
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Үш дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов Өзбекстан ұлттық құрамасымен бірге өтетін біріккен оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін Өзбекстан еліне аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны спортшының өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді.
“Өзбекстан еліне біріккен оқу-жаттығу жиынына аттанып бара жатырмыз. Өзге елдердің ұлттық құрамаларымен бірге өтетін бұл ОЖЖ бізге үлкен тәжірибе, жаңа деңгей береді деп сенемін. Алдағы басталатын дайындықтардың жемісті болуын тілеп қойыңыздар!" – деді боксшы.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов жуырда Семейде өткен ел біріншілігінде топ жарып, 4 мәрте Қазақстан чемпионы атанған еді.
Сонымен қатар Астанада өткен әлем кубогінде бірінші кезеңде қырғыз боксшысына есе жіберіп, жанкүйерлердің сынына қалған. Сол себепті ол әлем чемпионатынан тыс қалып, орнына Төрехан Сабырхан қатысқан. Нәтижесінде Төрехан жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында 3 рет қола медаль еншілеген. Ал Азия чемпионатында 2 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр

