“Айына 8 мың теңгеден салып, 7 миллион жинауға болады”: Тараздық ана балаларының оқуына ақшаны қалай тиімді жинау керегін айтты

Фотода Айгерім Қосатбекова/Stan.kz
Тараздық Айгерім Қосатбекова – 6 баланың анасы. Бүлдіршіндерінің болашағын қамтамасыз еткісі келетін ол бүгіннен бастап әр балаға жеке депозит ашып, қаржы жинауды бастап кеткен. Бұл үшін Айгерім Отбасы банкінің “Aqyl” депозитін таңдапты. Сөзінше, қазір үш баласына шот ашыпты. Ал алдағы уақытта тағы да үш депозит ашып, қаржы жинауды жалғастыра бермек. Stan.kz тілшісіне сұхбат берген көпбалалы ана ақшаны дұрыс жинаудың сыры және балаларға қаржы сауаты негіздерін үйретудің маңызын айтып берді.
Баланың болашағына, оқуына қаржы жинау – әлемде кең тараған тәжірибе. Мысалы, АҚШ-та 529 College Savings Plan деген білімге арналған жинақтау қоры бар. Мұндағы жинаққа салық салынбайды, ал шотқа ата-анадан бөлек, баланың достары да ақша аудара алады. Кейін бұл жинақты университет, колледж не шетелдік оқу орнына төлеуге болады екен.
Ал Ұлыбританияда балаларға арналған ұзақмерзімді Junior ISA шоты бар. Ақшаны бала 18 жасқа толғанда ғана алуға болады. Канададағы RESP (Registered Education Saving Plan) атты есепшотқа үкімет 20%-ға дейін қосымша ақша қосады. Инвестициялар салықтан босатылған, қаржыны колледж бен унирверситетте оқу үшін жұмсай алады.
Шетелдегі бұл бағдарламалар секілді Қазақстанда да “Aqyl” депозиті жұмыс істейді. “Aqyl” – балалардың білім алуына арналған жинақ. Жиналған қаржыны қазақстандық және шетелдік университеттегі оқу ақысын төлеуге жұмсауға болады. Ал депозитті кез келген қазақстандық өз атына немесе баласының атына аша алады.
Аталған депозитке Канададағы мемлекеттік грант секілді жыл сайын мемлекеттік сыйлықақы беріледі. Мәселен, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттің беретін сыйлықақысы шотта жиналған қаржының 7% тең болса, халықтың қалған санаты үшін 5%.

“Aqyl” білім беру жинақтау салымына қазірден ақша жинап жатқандардың бірі – тараздық көпбалалы ана Айгерім Қосатбекова. Ол бұл жинақ түрі жайлы Отбасы банктің Instagram парақшасынан біліпті. Кейін банктің менеджерлерінен толық ақпарат алған соң сәуірде алғашқы салымды ашқан.
“Aqyl” депозиті мені жылдық сыйақысымен, сосын мемлекеттік сыйлықақымен қызықтырды. Мысалы, ай сайын 8 мың теңгеден салып отырсаң, бала 18 жасқа толғанда шотында 5 миллион теңгеден аса қаржы жиналады. Жоғарғы оқу орнына грантқа түссе, қаржыны үй алуға жұмсай алады. Осылайша алдымен үш балама салым ашып, қазір толықтырып жатырмын. Алдағы уақытта тағы үш балама депозит ашып, ай сайын 8 мың теңгеден салып отырамын деп шештім. Өйткені күнделікті 8 мың теңгенің қайда кетіп қалғанын да білмейсің. Сондықтан аз-аздан, үздіксіз жинап, балаларымның болашағына инвестиция деп қараймын”, – дейді Айгерім Қосатбекова.

Тараздық ананың мамандығы – бухгалтер-қаржыгер. Өзінің де қаржы саласынан білімі болған соң, балаларын да кішкентай кезінен ақшаны дұрыс ұстауға, жинауға үйретеді. Ал достарына “Aqyl” депозитінің артықшылығын түсіндіріп, балаларының болашағы үшін қаржы жинауға жігерлендіріп жүр екен.
“Қазір балаларға қолма-қол ақша беремін. Сонда олар нақты қанша қаржысы бар екенін біледі. Оның үстіне депозит ашқанымды, ақша салып жүргенімді өздеріне айтып отырамын. Себебі олар да бұл жөнінде хабардар болуы керек. Осы бағдарлама жөнінде достарыма да айтып жүремін. Бүгінде менің кеңесіммен екі танысым төрт балаға депозит ашып, ақшаларын жинап жатыр. Басқа да ата-аналарға айтарым, балаңызға ойыншық не тәтті алып берер кезде оған ақшаны босқа құртпау керегін үйретіңіз. Ұсақ-түйек сатып алғанша, бұл қаржыны жинап, үлкенірек нәрсе алуға болатынын түсіндіріңіз. Өзіңіз де баланың болашағын қазірден ойлап, артық ақшаңыз болса, “Aqyl” депозитіне сала беріңіз. Уақыт өте бұл әдетке айналады”, – деп аяқтады көпбалалы ана.

Салымды ашу үшін ата-ананың немесе қамқоршының жеке куәлігі мен баланың туу туралы куәлігі болса жеткілікті. Сондай-ақ бала 5 жасқа толса, мемлекет төлейтін бастапқы капиталды ала аласыз. Бұл үшін:

Айта кетері, депозит мерзімінен бұрын жабылса не бала белгіленген жаста оқу орнына түспесе, мемлекеттен берілген бастапқы капитал қайтарылады.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді