Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақтөбе" Прагада жеңіліп, еуромаусымды тоқтатты

Фото: fc-aktobe.kz

"Ақтөбе" футбол клубының Конференциялар лигасындағы жолы екінші іріктеу кезеңінде аяқталды. Команда жауапты кездесуде Чехия астанасында жергілікті "Спартамен" ойнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ойын Праганың "Летна" стадионында өтіп, оған Италиялық төреші Даниэле Киффи жетекшілік етті. Бірінші таймда қазақстандық команда жақсы қорғана білді, алайда үзілістен кейін қарсылас үш голды жеті минут ішінде соғып, басымдықты өз қолына алды.

Осылайша чехиялық клуб есепті 4:0-ге жеткізіп, екі матчтың қорытындысы бойынша (5:2) келесі кезеңге өтті.

"Ақтөбе" үшін бұл ойын маусымдағы соңғы еурокубоктық кездесу болды.

"Спарта" (Чехия) — "Ақтөбе" (Қазақстан) — 4:0 (0:0)
Гол авторлары: Бирманчевич, 57; Рынеш, 60; Кухта, 64; Ррахмани, 90+4
Бірінші ойын: 2:1, "Ақтөбенің" пайдасына.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 01 Тамыз, 2025 10:19
Талқылау
`