C лигасында ойнайды: Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Брюссель қаласында өткен 50-конгресс аясында 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы турнирінің жеребе тарту рәсімі өтті.
Бұл жолы Қазақстан ұлттық құрамасы В лигасынан С лигасының С3 тобына түсті.
Жеребе тарту барысында Қазақстан құрамасы С лигасында бірінші себетке орналастырылды. Бұл құраманың топтағы рейтингі ең жоғары командалардың бірі екенін білдіреді.
С3 тобындағы қарсыластар:
• Словакия
• Фарер аралдары
• Молдова
Қазақстан құрамасының басты мақсаты В лигасына қайта көтерілу. Турнир ережесіне сәйкес, топ жеңімпазы тікелей В дивизионына жолдама алады.
Бұл топта тәжірибесі мол әрі деңгейі жоғары құрама ретінде Словакия ерекшеленеді. Ал Молдова мен Фарер аралдарына қарсы кездесулер Қазақстан үшін турнир тағдырын шешетін маңызды матчтар болмақ.
Сонымен қатар Ұлттар лигасындағы нәтижелер 2028 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу мүмкіндігіне де әсер етуі ықтимал.
УЕФА мәліметінше, топтық кезең 2026 жылдың қыркүйегінде басталып, 17 қарашада аяқталады. Ойындар үш халықаралық терезе аясында өтеді.
Матч күнтізбесі:
• 1-тур: 24–26 қыркүйек 2026
• 2-тур: 27–29 қыркүйек 2026
• 3-тур: 30 қыркүйек – 3 қазан 2026
• 4-тур: 4–6 қазан 2026
• 5-тур: 12–14 қараша 2026
• 6-тур: 15–17 қараша 2026
Қазақстан құрамасы топтық кезеңде 6 матч өткізеді:
3 ойын – өз алаңында, 3 – ойын сырт алаңда.
Қазақстанды дүр сілкіндірген лесбиянкалар отбасындағы өлім: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды