Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаны шешіп берем деген алаяқтарға алдануда
Қазақстанда зейнетақы қорындағы жинақтың тең жартысын заңсыз шешіп беретін делдал-алаяқтар көбейген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Салымшыларға осындай қызмет түрін ұсынып жүрген пысықайлар өзін қор қызметкерлеріміз деп таныстырып жүр. Бірақ бұлардың қорға еш қатысы жоқ дейді жауаптылар. Сондықтан тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сеніп, қартайған кезіне сақтап жүрген қаражатына сақ болуға шақырды.
“Қор өз салымшыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуы жиілеп кеткенін ескертеді. Алаяқтар өзін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырады. Кез келген ақыл-кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне тегін қоңырау шалып қашықтан алуға болады”, – дейді БЖЗҚ.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”