Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖЗҚ қаражаты Марокко, Катар және Панаманың бағалы қағаздарына инвестицияланған

Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаражаты Марокко, Катар және Панаманың бағалы қағаздарына инвестицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Есепке сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-ның 16 триллион теңгеден астам активтері Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында болды.

Өткен айда зейнетақы қорларының инвестициялары аясында 14,76 млрд теңгеге шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары сатып алынды. Жылдық орташа алынған кірістілік 5,55 пайызды құрады. Әңгіме Панама (6,7 млрд), Марокко (5,8 млрд) және Катар (2,2 млрд) сияқты елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары туралы болып отыр.

Тағы 340 млрд теңгеге Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды.

Маусым айында First Heartland Jusan Bank АҚ мен "Нұрбанк" АҚ жалпы сомасы 29,8 млрд теңгеге облигациялар бойынша БЖЗҚ алдындағы бағалы қағаздарға қатысты берешегін өтеді. Инвестицияланған зейнетақы активтері бойынша тағы 13,4 миллиард қарызды АҚШ үкіметі өтеді.

Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2023 жылдың басынан бастап  инфляция 5,3 пайыз болғанда 3,8 пайызды құрады.

Талқылау