Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңай бола түсті

Биылғы жылдың 8 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі оңайлатылды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңай бола түсті

2018 жылдың 26 желтоқсанында ҚР зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілді.

Хабарланғандай, ендігі аталған қорда міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу үшін, жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға веб-сайты арқылы жүгінудің қажет емес. Мұнан былай жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болған жағдайда, алғашқы жарна келіп түскенде зейнетақы шоты қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылатын болады.

«Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендірілетін болады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады», – делінеді хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін жеке тұлға МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін шот ашу жөнінде тиісті өтінішті рәсімдеуге міндетті болған еді.

Ал  міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі өзгеріссіз қалды.

Сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, ерікті зейнетақы жарналарын (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Қаңтар, 2019 10:28
Талқылау