Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қоңырау шалады": БЖЗҚ қазақстандықтарға алаяқтардан сақ болуды ескертті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарға қор клиенттеріне қатысты алаяқтық фактілері көбейіп кеткенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: iidx.ru

Кейінгі кездері алаяқтар әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап тапқан. Соның бірі – салымшылар мен алушыларға қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары қате жасалғаны, сол үшін бөлімшеге бару қажет екені және SMS арқылы электронды брондауға мүмкіндік бар екені туралы айту. 

"Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар сіздің банктік шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қол жеткізе алады. Мұндай алаяқтыққа жол бермеу үшін мынаны білу керек: БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай код бермеңіз. Сондай-ақ бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз", – делінген қор хабарламасында.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

  • Ешқашан және ешкімге өзіңіздің кодтарыңызды немесе құпиясөздеріңізді айтпаңыз.
  • Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз.
  • Егер сізге БЖЗҚ атынан қоңырау шалынса, телефонды қойып, Қорға тікелей хабарласыңыз!
  • Қаржы және зейнетақы қызметтерін алу үшін көмек ұсынатын делдалдардың қызметін пайдаланбаңыз. Себебі олар сіздің жеке деректеріңізді өз мүдделері үшін пайдалануы мүмкін. 
  • Бұл ақпаратты бөлісіп, жақындарыңыз да хабардар болып, қорғалғанына көз жеткізіңіз.

Барлық сұрақтарыңызға жауап алып, ақпаратты тексеру үшін ЕНПФ бөлімшелерінде немесе қашықтықтан байланыс орнатуға болады: enpf.kz сайтында, БЖЗҚ/ЕНПФ мобильдік қосымшасы арқылы, 1418 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы немесе WhatsApp нөміріне +7 777 000 1418 хабарласу арқылы. 

Сонымен қатар БЖЗҚ-ның ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларында, мысалы, "Одноклассники", Telegram, "Facebook", "ВКонтакте", "Х" ("Twitter") және "Instagram" арқылы байланысуға болады.



Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілгенін жаздық. Құзырлы органдардың айтуынша, алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттар мен хабарламалар жіберіп жатыр. 

Талқылау