БЖЗҚ активтері жыл соңында жеке компаниялардың басқаруына беріледі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері жыл соңында жекенің қолына өтеді. Яғни қордағы қаражатты бірнеше инвестициялық компания сенімді басқаруға алады.
Бұл туралы “Ұлттық банк пен үкіметтің қор нарығын дамыту бойынша бірлескен жұмыс жоспарында” нақтыланған, деп хабарлайды Астана.
Құжатта «зейнетақы активтерін басқаруды стратегиялық инвесторларға беру арқылы жүйені реформалау көзделеді» делінген. Бұл процесс 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Зейнетақы активтерін бәсекелі ортаға беру туралы ұсынысты Ұлттық банк президент тапсырмасына орай әзірледі. Салымдарды басқаруға алатын компанияларға қойылатын талаптар аса жоғары болмақ.
Яғни құнды қағаздарды басқаруда тәжірибесі 10 жылдан кем болмауы тиіс. Мұндай компаниялардың салымшылар алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезінуі маңызды. Сенімді ақтамаған жағдайда заң алдында жауап беретінін де жақсы білуі қажет. Айта кетейік, жыл басында зейнетақы қорындағы қаржы 7 трлн 775 млрд теңгені құрады.
Тағы да оқыңыз:
2018 жылы зейнеткерлердің БЖЗҚ-дан алатын ең төменгі зейнетақысы қанша болмақ