"Бұзауын ерткен сиырдай": Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптестеріне шүйлікті
Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/
Әнші Меруерт Түсіпбаева мобилографтарын ізінен бір елі қалдырмай ертіп жүретін әріптестерін аямай сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі мобилограф ертіп жүретін әріптестерін сынады.
"Көптен бері осы мәселені көтергім келген…Бұзауын соңынан ерткен сиырдай мобилографты жанынан бір елі қалдырмайды. Дәретханаға барғанының басқасын түсіріп, желіге салатындарды өз басым түсінбей өтермін. Ана жолы бір танымал адамның тойында той ұйымдастырушы қызметкерлері, кәдімгідей тойхана есігінде тұрып алып, мобилографтарды кіргізген жоқ. Үстінде сіздерге арнайы дастархан жайылды деп айтып жатқанын құлағым шалып қалды. Сол дұрыс. Ондай жағдайға түсінікпен қарау керек. Тойханада әр қонақтың орны белгіленіп, төленген. Тойға мүлдем шақырылмаған адам сол тойда жүруі ыңғайсыз емес пе?! Соған қарамастан көп әншілердің жанында мобилографтар еріп жүрді, дастархан басында отырды. Бұл статистика, контент деген бір бәле болды ғой", – деп ашуланды әнші.
Еске салайық, Алтынай Жорабаева да мобилограф ертіп жүретін әріптестерін сынаған еді.
“Осы мобилографпен жүретін жандар! Қатты шектен шықпаңыздаршы, өтініш. Құран оқитын жер болсын, той болсын, үнемі бірге жүреді. Қонаққа барсаң тіпті амандасқаныңа дейін, сыйлық бергеніне дейін түсіріп жүреді. Жаман көрінеді. Шын айтамын”, – деп жазған еді Алтынай.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
