Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұйрық қабылданды: Қазақстанда барлық мектепте оқу жылы 31 мамырда аяқталады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қоңырау

Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-та жазды. Бұйрық бойынша елдегі барлық мектепте оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Ал соңғы қоңырау 1 маусым күні соғылса, емтихандар 2 маусымнан басталады. 

Құжатқа сай 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығына жоспарланса, 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 5-19 маусым аралығында өткізіледі.

Емтихан бойынша 10 сынып оқушыларына мынадай кесте бекітілген:

  1. жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2 маусым;
  2. математика бойынша жазбаша емтихан – 6 маусым;
  3. өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 9 маусым;
  4. таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан – 13 маусымға жоспарланған. 

Ал 11 сыныптар үшін емтихан кестесі:

  1. Оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 5 маусым;
  2. Алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 8 маусым;
  3. Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым; 
  4. Өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
  5. Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан – 19 маусымда өткізіледі. 
     
Талқылау