Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұйрық беріп сөйлейді": Алматы облысында 13 жасар қыз өгей әкесімен сыйыспай, қашып кетті

Полиция қызметкерлері Алматы облысында жоғалған қызды тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

бойжеткен

Алматы қаласы Алмалы ауданы ювеналді полиция департаментінің қызметкерлері демалыс күндері жоғалған 13 жасар қызды тапты. 

«Алматы облысының кішкене тұрғыны Алматы қаласындағы Арбаттан табылды. Қыз баланың айтуынша, ол анасымен бірге тұрғысы келмейді. Үйден өз еркімен кетіп қалған. Ол бұрын да үйінен бірнеше рет кетіп қалғанын айтады. Бірақ әрдайым үйіне қайтып келіп отырған», - делінген полиция хабаралмасында.

Мұнымен қатар, хабарламада қыздың үйден кету себебі айтылған. Ол бір үйде өгей әкесімен сыйыса алмаған екен. 

«Әйел адам инспекторларға қызы және екінші күйеуімен бірге бір үйде тұратынын айтты. Алайда қызға өгей әкесінің бұйрық беріп сөйлегені ұнамайды екен. Яғни қыз бала өгей әкесінің ұсынған талаптарына көнгісі келмейді. Кетуіне осы нәрсе себеп болса керек. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қыз бала анасына табысталды», - деді Алматы қаласы полиция қызметкері Ләйлә Әліпбаева. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ШҚО-да жоғалып кеткен сәбидің өлі күйінде табылғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау