Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҰҰ АҚШ-ты Кубаға салынған санкцияларын алып тастауға шақырды: Қазақстан құжатты қолдады

БҰҰ бас ассамблеясы 31-рет АҚШ-ты Кубаға қарсы санкцияларды жоюға шақырды. Құжатты 187 ел, оның ішінде Қазақстан да қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қарарды 187 мемлекет, соның ішінде Қазақстан қолдады. АҚШ пен Израиль құжатқа қарсы дауыс берді, Украина қалыс қалды.

Бас ассамблея 31 жыл қатарынан АҚШ-тың Кубаға қарсы блокадасн жоюға шақыратын қарарлар қабылдаған. 1992 жылы оны 59 мемлекет, 2017 жылы 191 мемлекет, 2022 жылы 185 мемлекет қолдады.

2016 жылы ғана АҚШ қарсы шықпай, қалыс қалды

Ассамблея сессиясында сөйлеген делегаттар Кубаға қарсы эмбаргоның заңсыз екенін айтып, бұл БҰҰ жарғысын  бұзу деп мәлімдеді. Олар блокаданың Куба халқына орасан зор шығын әкелетінін атап өтті, соның кесірінен тұрғындар кірістер мен қажетті заттардан, соның ішінде дәрі-дәрмектерден айырылды.

АҚШ Куба халқының алдында тұрған қиындықтарды мойындады. Сондықтан азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да гуманитарлық тауарларды санкциялар режимінен шығарылады.

АҚШ-тың Кубаға қарсы экономикалық санкциялары 1960 жылдан бері жалғасып келеді. Ол Куба Америка азаматтары мен корпорацияларының мүлкін иеліктен шығарғаннан туындады. 1962 жылы санкциялар толық эмбарго деңгейіне дейін күшейтілді.

Эмбарго – бір елдің басқа елге қандай да бір әрекет жасауына тыйым салуы.

Талқылау