Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұтыңды жап": Суретінен кейін Санданы жұрт жерден алып, жерге салды

Суретінен кейін Санданы жұрт жерден алып, жерге салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұтыңды жап!: Суретінен кейін Санданы жұрт жерден алып, жерге салды

Отандық әнші желідегі парақшасына суретін жүктеп, өмірдің ғажайып екенін айтып ағынан жарылған. Алайда жұрт әншінің бейнесін көріп ашуға булыққан. Олар өнер иесін жерден алып, жерге салды. Ашық киінген өнер иесі осылайша сынның астында қалды. 

"Бұтыңды жап", "Тізеңе не болған", "Жалаңаштанып алғаны несі", "Толып кетіпсің", "Аяқтарың іріленіп кетіпті", "Санын көрсетіп", - десті жұрт. 

Алайда, өнер иесіне жағымды пікір жазғандар да жоқ емес. Олар әншінің сахнадан көрінбей кеткенін тілге тиек етіп, сұрақтарын жаудырған. 

"Санда, неге сахнадан көрінбей кеттің", "Кеше ғана бейнебаяндарыңызды көріп, неге көрінбей кетті деп ойлап отырған едім. Қуаныштымын", "Күлкіңіз қандай әдемі", "Сұлу қыз", - деп пікір білдірді. 

Талқылау