Көкшетауда бесінші қабаттан құлап кеткен екі жасар баланы ауладағы ағаш құтқарып қалды
Көкшетауда екі жасар бала бесінші қабаттан құлап, тірі қалды. Баланы ауладағы ағаш құтқарып қалды. Бүлдіршінді жан сақтау бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Терезеден құлаған бала бұтақтарға ілініп қалған. Дәрігерлер бала жерге құлаған жағдайда тірі қалуына мүмкіндік болмайтынын мойындады. Жылап жатқан баланы бірден ауруханаға жеткізді. Кішкентай бала жеңіл жарақаттары барлық медицина қызметкерлерін таң қалдырды.
Оқиға баланың ата-анасы үйде болған кезде орын алған. Олар ұлының терезеге көтерілгенін байқамаған.
Полиция "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау"бабы бойынша тергеуді бастады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”