"Бұрмалаудың қажеті жоқ": Disney-дің қазақша туындысын сынаған Бадықова ел алдында ақталды
Белгілі продюсер, актриса Дариға Бадықова “Моанаға” баратын қазақтарды не үшін сынағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/
Айта кетейік, киножұлдыз қазақшаға дубляждалған мультфильмнен гөрі өз фильмі жақсы екеніне сендірген еді.
“Ұялмай басымды тік көтеріп айта аламын! Хейтерларды да қуантып қою керек. Өсек айтып, жерден алып жерге салудың жүгі ауыр. Бәріне ұнауым шарт емес. Бірақ қалың көрерменге рақмет айтамын. “Таптым-ау сені” ұнап жатыр шынымен. Осы жолғы бөлім керемет шықты, шүкір!”, – деп жазды актриса.
-
"Екі аяғым екі жаққа кетіп құладым": Дариға Бадықова Түркияда оқыс оқиғаға тап болды
-
"Пәтер сатып алдым": Дариға Бадықова киносынан түскен 2 млрд теңгенің есебін берді
Одан кейін кинопродюсер “мультфильмге бармаңдар” деген сөзіне қатысты да өз ойын жеткізді.
“Одан кейін “балалар мультфильмге бармасын” деген жоқпын. Қысқасы, әңгіме өрбіген кезде Голливуд жайында айттым. Өзіміздің киноны Голливудпен салыстыру, әбестік емес! Сондай ойда жеткізілді. Бұрмалаудың қажеті жоқ. “Өз елімнің киносына бармаңдар” деген жоқпын кейібір кісілер сияқты. Мен қаным қызу адаммын. Есігіңнің алдындағы ит жаман десе де, намыстанамын. Хейтерларға тілерім өмірлері тыныш жақындары аман болсын! Жеті ұрпағына жететін жақсылық жасасын!”, – деді киножұлдыз.
Еске салайық, актриса 10 жыл сәби күткен бейтаныс отбасыға тосынсый жасаған еді.