Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрынғылардан қалған іш киімді киюге мәжбүрлейді": Ұлттық ұлан сарбаздары жағдайларына шағымданды

Ұлттық ұланның қолбасшылығы сарбаздардың Нұр-Cұлтан қаласының 5573 әскери бөліміндегі жарғылық емес қатынастарға және нысанды қамтамасыз етуге қатысты қоғамдық шағымын тексерді. Оның нәтижелері бойынша көрсетілген фактілер расталмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573-елордалық әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкерлерінің үндеуі демалыс күндері әлеуметтік желіде тарала бастады. Олардың 12-жауынгерлік қамтамасыз ету ротасында борышын өтеп жатқаны, сонндай-ақ сержант Дархан Смағұловтың оларға қарым-қатынасына наразы.

"12-жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының 3-ші сынып сержанты Смағұлов Дархан Темірханұлына шағымданғымыз келеді. Ол біздің ротаға жақында ауысты, бірақ біз бұл адамнан шаршап үлгердік. Ол сарбаздарға өте жаман әсер етеді, адамды моральдық және психологиялық тұрғыдан “өлтіреді”, адамдарға тіл тигізіп, кейбір жануарлармен салыстырады. Бізден бастап ата-анамызға дейін дөрекі сөйлеп, тіл тигізеді. Біздің ротадағы кейбір солдаттардың әрі қарай борышын өтеуге қазірден құлқысы жоғалды", – деп жазылды үндеуде.

Сондай-ақ сержант жарғыға енбейтін бұйрықтарға жол береді, сарбаздарды үнемі қорлайды және ұрып-соғуға дейін барады деп жазылған. 

Сонымен қатар сарбаздар оларға берілетін киімдердің сапасы сын көтермейтінін айтады.

"Әр сарбазға екі дана жаңа іш киім мен футболка бөлінді, бірақ біз оларды әлі көрмедік. Біз бұрынғылардан қалған ескі іш киім мен футболкаларды киеміз, кейбіреулері жыртылған, барлық бояуы жуылып кеткен, ал ПКҚ (патрульдік-күзет қызметі) қызметтік нысандары осыдан үш-бес жыл бұрын борышын өтеп кеткендердікі", – делінген шағымда.


Әскердің баламасы: Қазақстанда әскери билетті алудың қандай жолдары бар 


Ұлттық гвардия сарбаздардың шағымымен танысып, бірден қызметтік тексеруді бастады.

"Аталған факті бойынша әскери бөлім командирі қызметтік тергеу тағайындады, оның шеңберінде 5573 әскери бөлімінің әскери полиция қызметімен бірлесіп осы бөлімшенің шақыруы бойынша әскери қызметкерлерге әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Өңделген ақпаратты талдау нәтижелері бойынша шағымда көрсетілген фактілер расталмады", – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Сержант Дархан Смағұловқа да сипаттама берілді.

"Әскери бөлімнің қолбасшылығы тарапынан оң бағада сипатталады. Өз мамандығы бойынша тәжірибелі әскери қызметкерлердің бірі. Ұлттық ұлан басшылығынан және 5573-әскери бөлім командирінен бірқатар көтермелеулерге ие болған. Ұлттық ұланда 2004 жылдан бері қызмет етіп келеді. Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр", – деп нақтылады Ұлттық ұланда.

Сондай-ақ Дархан Смағұлов қызметі уақытында қол астындағыларға дөрекілік танытпағанын атап өтті.

Талқылау