Бұрынғы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды
Мұнай және газ кеңесі экс-министрдің жаңа қызметке ие болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Gov.kz
Әлібек Қуантыров Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды. Осылайша ол Кенжебек Ибрашевтің орынын басты.
Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін және Мичиган университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.
- 2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
- 2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.
- 2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.
- 2013-2019 жж. — ҚР Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
- 2022-2024 жылдар аралығында ол ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.
Бұған дейін президент жарлығымен Наталья Годунова өз лауазымынан босатылған еді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”