Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы вице-министр Эрик Байжүнісовке бақылау білезігі тағылды

Денсаулық сақтаудың бұрынғы вице-министрі, қазір "Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы" РМК бас директоры Ерік Байжүнісовке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікке байланысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпаарт агенттігі. 

Ведомствода экс-вице-министрге электронды бақылау білезігі тағылғанын айтты.

"Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді. Іс бойынша түпкілікті бағалауды сот береді", - делінген ведомство хабарламасында.

Эрик Байжүнісов Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, дәрігер-хирург. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі болып жұмыс істеді.

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры лауазымдарын атқарған. 2020 жылғы 4 тамыздан бастап "Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы" РМК басқарды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр