Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы сүйіктісіне мыңнан астам хат жазған ер адам соттан бір-ақ шықты

Бұрынғы сүйіктісін қудалап, оған мыңнан астам хабарлама жіберген британиялық азамат соттан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлыбританиядағы Рэдклиф қаласының тұрғыны Томас Бассет бұрынғы ғашығы Бетани Андерсонды үйдегі құлыптарды ауыстырып, сыртқа шығудан қорқатындай дәрежеге жеткізген.

Олар 2018 жылдан бастап кездесіп жүрген. Ал 2021 жылы айырылысқан. Бассет бұрынғы сүйіктісіне кешірім сұраған хабарламаларды толассыз жібере бастаған, сонымен бірге өзін-өзі өлтіремін деп қорқытқан.

Бетани оның нөмірін бұғаттағанға дейін ер адам  100-ден астам хабарлама жіберген. Бассет 11 электрондық поштаны пайдаланып, Андерсонның Instagram-ына жазған, тіпті қарым-қатынасты қалпына келтіруді сұрап, қолмен жазылған хат жіберген. Жыл басынан бері Бассеттен келген хабарламалардың жалпы саны мыңнан асқан.

Шыдамы таусылған Бетани сотқа жүгінген. Онда Бассет кінәсін мойындады.

Сот процесінің нәтижелері бойынша ер адамға бес жыл бойы Андерсонмен сөйлесуге тыйым салынды.

Сонымен қатар, сот ер адамды екі жылға шартты түрде соттады, оған салауатты қарым-қатынас орнату курстарынан өтуді бұйырды және 213 Фунт стерлинг (128 мың теңге) айыппұл салды.

Талқылау