Алматы облысында бұрынғы құтқарушыларды отбасымен бірге үйлерінен шығарып тастамақ
Бұрынғы төтенше жағдайлар қызметкерлері, ағайынды Бибаджановтар көмек сұрайды. Көп балалы отбасы 20 жылдай тұрған жалғыз тұрғын үйден шығармауды өтінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Олар қызметінен босатылғаннан кейін үйден шығуға мәжбүр. Ағайынды Бауыржан мен Сабыржан Бибаджановтардың балалары осы үйде туып-өскен. Олардың 12 баласы бар. Тастанды ғимаратқа сол кезде жұмыс істеген төтенше жағдайлар департаментінің басшылары кіруге рұқсат берген көрінеді.
"Олар тұрғын үй қызметкерлерге арналған дейді. Бірақ ол қызметкерлерге арналған ғимаратқа ұқсамайды, тіпті ордері де болған жоқ", - дейді Алматы облысының тұрғыны Бауыржан Бибаджанов.
"2009 жылы құтқару қызметі төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына өтті. Құтқару қызметінің басшылығы ғимарат тұрғын үйге арналмағандығы туралы бірнеше рет ескертті. Осы жылдың ақпан айында отбасыларға үйден шығару туралы ескерту берілді", - дейді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті құтқару қызметінің басшысының орынбасары Берік Найзабеков.
Ағымдағы жылдың ақпан айында ғимарат орналасқан жер учаскесі Ахметов атындағы Республикалық мамандандырылған спорт мектеп-интернатының балансына берілген. Білім беру мекемесінің 40 гектар жерге арналған үлкен жоспарлары бар.
- "Аш отырмыз": Алматыда құтқарушылар ереуілге шықты
- Алматыда құтқарушылардың жалақысы басқа қажеттіліктерге жұмсалған
Алайда бұл жоспар орындалатын болса, үлкен отбасы баспанасыз қалуы мүмкін.
"Бұл аумақта ешқай жерде тіркелмеген ғимарат бар екен. Біз оларды шығара алмаймыз, ондай құқымыз жоқ. Бірақ осыдан кейін біз ескі ғимаратты сүру бойынша сотқа шағымдандық", - дейді мектеп-интернаттың жауапты қызметкері Қайрат Қаражанов.
Жазғы демалысқа дейін отбасын бұл ғимаратта тұра алады. Бірақ алдағы уақытта мектеп-интернат өздеріне тиесілі жерді заңмен тартып алмақ.