Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бұрынғы кездің кереметін-ай": Сәкен Майғазиев ескі суретін жүктеп, сыныптастарын іздеді

Сәкен Майғазиев ескі суретін жүктеп, сыныптастарын іздеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында военкоматқа барғандағы суретін жариялаған. Осылайша 1975 жылғыларды іздеген ол аудан орталығында түсірілген сурет екенін де жасырмады.

"Аудан орталығына военкоматқа барған кезіміз ғой. 75-тер қайда?" - дейді Сәкен Майғазиев.

Өнер иесінің жас кезіндегі суретін көрген тыңдармандары әншіге пікірлерін жазды. Тіпті Сәкен Майғазиевтің кейбір жерлестері оны танып, суретті кім түсіргенін да айтып берді. 

"Шолаққорғанда домбытада Бабахан деген фотограф болатын мына суреттің бәрі сол кісінің туындысы", "Бұрынғы кездің кереметін-ай! Военкаматқа барса да суретке түсетін", "Ең сұлуы өзіңсің", - деп пікір қалдырған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр