Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрынғы әйелім тұрмысқа шығып кетті": Бейбіт Әлібеков жеке өмірінен сыр шертті

Белгілі блогер, кәсіпкер Бейбіт Әлібеков жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/alibekovkz/

Желі жұлдызы алғаш рет бұрынғы әйеліне қатысты ойын айтты. 

"Біреумен кездесуге ұяламын. Қызым болғаны үшін шығар, меніңше қызым үшін ол ауыр соққы болатын еді. Менің бұрынғы әйелім қайта тұрмысқа шыққан, баласы бар, бақытты. Мен әлі күнге дейін шешім қабылдай алмай жүрмін. Меніңше, Айлиннің алдында да бұл әрекетім дұрыс болмайды”, – деді блогер. 



Содан кейін блогер қызымен бірге өте көп уақыт өткізетінін айтты. 

“Мен оны, ол мені жақсы көреді. Әке мен қыздың байланысы жалпы сондай ерекше болады. Соңғы кездері Айлинмен менімен көп тұрмайды, бірақ менің арманым қызыммен бірге тұру. Қызым екеуміз бірге саяхаттаймыз, Европаны көлікпен бірге аралағанбыз. Ол менің қайта үйленуіме қатысты "иә" деп айтады, бірақ мен оның бұл шешімге қарсы екенін іштей сеземін", — деді ол.

Еске салайық, Бейбіт Әлібековтің көлігімен трюк жасаймын деп опат болған жігіттің анасы оны да жауапқа тартуды талап еткен еді. 

 

Талқылау