Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы әлем чемпионымен жұдырықтасуы керек болған Сұлтан Зауырбектің қарсыласы ауысты

IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионымен жекпе-жек өткізуі керек болған Сұлтан Зауырбектің алдағы кездесудегі қарсыласы ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images 

Жеңілістің дәмін татпаған кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (17-0,12КО) IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Джеймс Диккенске (32-5, 12КО) қарсы жұдырықтасуы керек еді. Енді отандасымыз Ұлыбританияның Болтон қаласында өтетін бокс кешінде аргентиналық Роман Рубен Рейносомен (22-4-2, 10KO) жекпе-жекке шығады. Екінші жеңіл салмақта өтетін жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек соңғы жекпе-жегінде колумбиялық Виктор Хулионы (17-11) төрешілер шешімімен ұтқан еді. Ол Англияда әлемнің даңқты боксшысы Энтони Джошуамен бірге дайындалады. 

Талқылау