Атышулы бұрынғы әкім орынбасарының ұлы Астанадағы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Манзоровтың ұлы Астанадағы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменті сайтында Манзоров Серік Багдатұлының аталған ведомствоның басшысы қызметіне тағайындалғаны жөнінде ақпарат жарияланды.
"Бүгін қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ернар Ержанов Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы – Манзоров С.Б.-ны таныстырды. Серік Манзоров мемлекеттік органдар мен салық қызметі жүйесінде көпжылдық еңбек өтілі бар. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы әкімдігінде бастаған", – делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, Серік Манзоров бұған дейін жетекші маманнан аудан әкімінің орынбасарына дейін әртүрлі қызметтер атқарған. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер комитеті мен президент әкімшілігінде де жұмыс істеген.
Мемлекеттік кірістер жүйесінде ол 2010 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бас маманнан департамент басшысының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өткен.
Ресми деректерге сенсек, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментін басқарған.
Серік Манзоровтың білімі заң, қаржы және мемлекеттік басқару салалары бойынша. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті және президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Айта кетейік, Серік Бағдатұлы Манзоров Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Манзоровтың ұлы.
Бағанашылдағы даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды
Жапонияда алғаш рет премьер-министр болып әйел сайланды
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке кірісті. Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі лауазымына 2024 жылдың 6 ақпанында тағайындалған еді. Дегенмен сол жылдың 21 желтоқсанында ол қызметінен кеткен.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
