AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрғылау" ЖШС қызметкерлердің талаптарына жауап берді

“Бұрғылау” ЖШС Маңғыстауда ереуілге шыққан жұмысшылардың талабына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақпанның 9-ы күні Маңғыстау облысындағы кен орындарында мұнай өндіру саласында қызмет көрсететін "Бұрғылау" компаниясының 400-ге жуық қызметкері жұмысы жасаудан бас тартқан. 

Олар жұмыс берушіге кемінде бір миллион теңге көлемінде еңбекақы белгілеу, ұжымдық шарттың талаптарын қайта қарау, компанияны "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-ға беру, жұмысшыларды аутстаффингке ауыстыру сияқты оннан астам талап қойды.

Компания басшылығы қызметкерлерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес қойылған барлық талаптарды сындарлы талқылау үшін келіссөз жүргізуге шақырған.

Компанияның сайтында жұмысшылардың барлық талаптарына қатысты жауап беріліп, түсініктемелер жазылған.

Атап айтқанда, "Бұрғылау" қызметкерлері ең төменгі жалақыны 1 миллион теңгеден кем емес етіп белгілеу қажет деп санайды.

Компания "Бұрғылау" ЖШС жұмысшыларының жалақысы саладағы ең жоғары жалақылардың қатарында екенін атап өтті. Кәсіпорын бойынша орташа айлық жалақы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 887 мың теңгені құрады.

Сонымен бірге, ұжымдық шартқа сәйкес жалақы жыл сайын инфляция деңгейіне қарай көтеріледі. Осылайша, 2008-2021 жылдар аралығындағы орташа жалақы 158 мыңнан 887 мың теңгеге дейін өсті. Ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол тағы 10%-ға өсті.

“2022 жылы 5-разрядтағы өндіру-барлау бұрғылаушысының айлық тарифтік мөлшерлемесі – 543 112 теңге, бұрғылаушы көмекшісі –  451 463 теңге. Жұмыс режимін, қосымша төлемдер мен сыйақыларды есепке алғанда, бір бұрғылаушының орташа жалақысы 1 098 191 теңгені, ал помбуршыныкі 912 874 теңгені құрайды”, – деп түсіндірді компания. 

Бұл ретте "Бұрғылау" ЖШС-нің қолданыстағы ұжымдық шарты тапсырыс беруші компания – "Өзенмұнайгаз" АҚ ұжымдық шартымен толықтай бір деңгейде екені де айтылды. 

“Ұжымдық шартқа сай қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың түрлі шаралары, атап айтқанда, мерекелік сыйлықақылар, 13-ші еңбекақы, қосымша төлемдер мен жәрдемақылар, әртүрлі материалдық көмек түрлері, санаторийлер мен балалар лагерлеріне жолдамалар және т.б. әлеуметтік қолдау түрлері қарастырылған. Сонымен қатар, қосымша демалыс күндері, материалдық төлемдердің көлемін ұлғайту, лагерьлерге жолдамал берілетін балалардың жасын ұлғайту және қызметкерлерді қолдаудың басқа да әлеуметтік шаралары қамтылған. Онымен қоса 1 ақпаннан бастап демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін қосымша ақы 1,5 еседен 2 есеге дейін өсті”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ компания Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің ресми жауабына сілтеме жасай отырып, мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін компанияларды олардың "ҚазМұнайГаз" АҚ-ны сатып алу арқылы мемлекет меншігіне алу қарастырылмағанын атап өтті.

Бүгінгі таңда мемлекет, керісінше, мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындарды бәсекеге қабілетті ортаға, оның ішінде мұнай-газ кешеніне көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр