Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Былтыр еуро және теңгемен депозит ашқан қазақстандықтар айтарлықтай пайда тапқан

Былтыр еуро және теңгемен депозит ашқан қазақстандықтар пайда тапқан. Өткен жылдағы салым пайдасын салыстырған Ұлттық банк осындай мәлімет таратты.

Ол үшін түрлі валютада салым салған жеке азаматтар таңдалған. Осылайша, былтырғы еуро бағамының өзгеруінен Еуроодақ ақшасына сенгендер пайда тапқан. Өткен жылы еуро долларға шаққанда 12,3 пайызға нығайған болатын. Одан кейін теңге салымы табысты болған. Жылдық табыс 14,9 пайыз. Рубль үшінші орында. Ресейдегі банкке рубль салғандар табысы 13,4 пайызға, ал Қазақстан банкінде жинағандар пайдасы 8,3 пайызға артқан, деп хабарлайды Астана арнасы.

Өткен жылы Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы 6,3 пайызға нығайды. Алтынмен салым салғандар да пайдаға кенелген. Ол 12,8 пайызды құрады. 2017 жылы алтынға сұраныстың артуы металл құнын қымбаттатқан болатын. Доллармен депозит салғандардың табысы 1,7 пайызды құраған. Былтырғы 7,1 пайыз жылдық инфляцияны есептегенде теңге, рубль және доллармен қолма қол жинағандар, сондай-ақ АҚШ ақшасымен банкке салым салғандар ұтылған.

Тағы да оқыңыз:

БЖЗҚ активтері жыл соңында жеке компаниялардың басқаруына беріледі

2018 жылы зейнеткерлердің БЖЗҚ-дан алатын ең төменгі зейнетақысы қанша болмақ

Бурабай курорты шетелдік инвесторларға берілуі мүмкін

Елімізде әйелдер уақытылы зейнетке шыға алмайтын болды

Талқылау