AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл үйлер – кісі өлтірушілер": Қарағандыдағы аты шулы тұрғын үй кешенінде тағы да дау

Қарағандыда әйгілі "Бесоба" орнында салынған "Шапағат" тұрғын үй кешенінің тұрғындары шу шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме беріп.

10 жыл бұрын жермен-жексен болған "Бесобаның" орнына салынған 9 қабатты үйдің сапасына тұрғындардың көңілі толмайды. Жұрт үй қаптамасы желмен ұшып жатқанын айтады. Әрқайсының салмағы 7-8 келіге жуықтайды. Адамның үстіне құласа аман қалуы екіталай.

Қазір баспанада 160 отбасы тұрады. Алты жыл бұрын тапсырылған үйдің есік-терезесі аңғал-саңғал, қабырғасы қақырапты. Арзан құрылыс материалдарымен салынған, дейді жұрт. Ол аздай лифті жүрмейді, тоқ сымдары ашық жатыр. Келісім-шарт бойынша балкон шынымен қапталу керек еді, бірақ ол жұмыс та орындалмаған.

"Бұл үйлер – кісі өлтірушілер. Білесіз бе, таңертең біз көшеге шығуға қорқамыз. Жоғарыдан фарфордан жасалған тастан жасалған бұйымдар құлағаны, шынымды айтсам, бұл күлетін жағдай емес", - дейді Меруерт. Садуова, үй тұрғыны.

Құрылыс басталғалы үш мердігер ауысыпты. Соңғы компанияға жұмысты аяқтау үшін қазынадан 367 млн теңге бөлінген. Бірақ нәтижесі осы. Сапасыз құрылыс қалай қабылданып кеткенін жауапты мамандардың өзі айта алмады. Ең сорақасы, қазір үйдің кепілдік мерзімі аяқталған. Бірақ құрылыс бөлімі мердігерді сотқа бермек. 

“Мына үйді қай әкім, қай құрылыс бөлімінің маманы қабылдады. Біріншіден, ыстық су өткізілмеген, ХХІ ғасыр. Өрт гидранты жоқ. Бүкіл едендерге салған плиталар ұшып жатыр. Қабырғалардың барлығында мынадай үлкен-үлкен жарықтар тұр. Арғы көше жақтың барлық балкондары қапталу керек екен, ешқайсы қапталмаған”, – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Светлана Сәрсембаева.

Тұрғындардың шағымына қала әкімдігінің өкілі жауап берді. 

“Төрт құрылыс алаңын, осы үйді қабылдап алған, қол қойған. Әлі сот жұмыстарын жүргіземіз, бұл мердігер компаниямен. Мердігер компанияға ескерту жібереміз, одан кейін хабарласамыз”, – деді қалалық Құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрлан Әбжанов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр