"Бұл ойланарлық мәселе": Энергетика министрі еліміздегі АЭС құрылысы туралы айтты
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жоспарына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"АЭС құрылысы ойланарлық мәселе, сол себептен оны салу немесе салмау туралы әлі нақты шешім қабылданған жоқ. 2035 жылға дейінгі болжамдар қатарында (...) әртүрлі мәселелер қарастырылады", – деді Ақшолақов бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.
Ол күн тәртібінде бірінші орында "жасыл" саясат мәселесі тұрғандықтан, Қазақстан экологиялық тұрғыда лас отын болып саналатын көмірді пайдалануға шектеу қоюға мәжбүр болатынын жеткізді. Газ оның жанында таза өнім саналады, алайда оның қоры шектеулі.
- Германия ел аумағындағы АЭС орындарының жартысын жауып тастады
- "Қараңғыда отырамыз ба?": Энергетика министрі АЭС салудың маңыздылығы туралы айтты
"Сондықтан біз әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз, ал АЭС осы қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі ғана. Алайда бұл мәселе ойлануды қажет етеді, ол ең алдымен жұртшылықтың назарын бұра отырып өте нәзік әрі максималды жүргізілген зерттеуді талап етеді. Әзірге Қазақстанда қандай да бір белгіленген жерде станция тұрғызу туралы нақты шешімдер қабылданған жоқ", – деп түйіндеді министр.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
