Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл - менің бірінші Олимпиадам": Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин сайыста сүрінді

31 шілде күні Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер арасында жекелей сынның 1/8 финалы өтті. Қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин аталған бәсекеде қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Ильфат

Ильфат Абдуллин жарыстың 1/8 финалында қытайлық Ли Джуа Лунмен бәсекеге түсті. Тартысты кездесу негізгі сетте тең 5:5 есебімен аяқталды. Кездесу жеңімпазын анықтау мақсатында берілген соңғы мүмкіндікте қытайлық қарсыласы 10, отандасымыз Ильфат 8 ұпайды көздеді. Нәтижесінде, жарыс 6:5 есебімен аяқталып, Ильфат Абдуллин келесі айналымға өте алмады. 

Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин қорытындылап берді. 

"Бұл Олимпиада - менің бірінші Олимпиадам. Олимпиадаға қатысудағы мақсатым бар күшімді салып, әнұранымызды шырқату болатын. Мақсатыма бір табан жақындағаныммен, қарсыласымнан екі ұпайға ұтылып қалдым. Қателік техникалық тұрғыдан кетті деп ойлаймын. Осыған дейін екі қарсыласымды жеңгенде техникалық, психологиялық тұрғыдан өте қатты дайындалдым. Жеңетініме өзіме сенімді болдым. Осыған дейінгі екі кездесуді халықтың қолдауының, сенімінің арқасында жеңіп отырдым десем болады. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл жарыс мен үшін үлкен тәжірибе болды. Енді алдымызда әлем чемпионаты күтіп тұр. Олимпиадаға бірінші рет қатысып тұрғаннан кейін осы жарыста не жетпейді, қай жерден қате жіберетінімді бәрін тексеріп алдым. Әлем чемпионатында мақсатыма жетуге тырысамын", - дейді Ильфат. 

Талқылау