Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл - нағыз тозақ": Жүздеген ақтөбелік отбасы адам тұра алмайтын жағдайда өмір сүруге мәжбүр

Ақтөбедегі жатақханалардың бірінің тұрғындары адам тұра алмайтын жағдайға шағымданды. Кез келген жаңбыр табиғи апатқа айналады, іргетасын ағынды су шаяды. Халық бес қабатты ғимарат жүздеген отбасының өміріне қауіп төндіреді десе, билік ғимаратты апатты деп танымай отыр. Тұрғындардың көпшілігі – жалғызбасты зейнеткерлер және әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар, олардың басқа барар жері жоқ. Бұл туралы Астана телеарнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

видеодан скриншот

Жатақхана 80-жылдары салынған. Сыртынан жаман емес сияқты көрінгенімен, ішкі жағы ешкім тұрмайтындай көрінеді. 

Қабырғалары тозған, сымдар шатасқан және төбеден су ағады. Осындай жерде тіпті қорқынышты фильм түсіруге болатын сияқт. Ақтөбедегі бұл жатақханада 150-ге жуық отбасы тұрып жатыр.

Лидия Литвин өз бөлмесінің есігіне әрең жетеді. Тіпті бірінші қабатта да жаңбыр суы мен ағынды сулардың шұңқырлары жатыр. Ылғалдан темір есікті тот басқан, ал бөлмедегі сымның өзі жақында өртеніп кеткен.

“Бұл өмір емес, бұл – тозақ! Жертөледен ылғал келеді, дәлізге кіру мүмкін емес. Көршімде ылғалдың әсерінен жөтел пайда болды. Біз жиі ауырамыз”, – дейді үй тұрғыны Лидия Литвин.

Мүмкіндігі барлардың бәрі бұл жерді тастап кеткен. Жатақханада барар жері жоқтар қалды: жалғызбасты зейнеткерлер мен көп балалы отбасылар. Қираған үйді өз күшімен жөндей алмайды. Бұл ретте ғимарат апатты деп танылмады дейді тұрғындар.

“Қалалық әкімдікке бардым, жер комитетіне жіберді, онда да тізімде жоқпын. Жалпы Ақтөбенің еш жерінде жазылмаған. Меніңше, түрме жақсырақ сияқты. Ғимарат иесіз болып саналмайды. Тұрғын үй кондоминиумға қарайды”, – дейді Ақтөбе тұрғыны Құдайберген Өмірсерікұлы.

Төрағаның да тұрғындарға да назы бар. Олар техникалық қызмет көрсетуге ақша төлемейді, тиісінше, жөндеу жұмыстарына қаражат жоқ.

“Ортақ мүлікті күтіп-ұстау жалға алушылардың өздеріне жүктеледі. Жалға алушылардың өздері төлемесе, қалай жөндеуге болады? Осы айда үш адам төледі”, – дейді кондоминиум төрағасы Ахан Қабақбаев.

Тұрғындар жаңғырту бағдарламасына қатысуға шешім қабылдады. Бұған дейін әр отбасына айына 3-4 мың теңге төлейтін. Бірақ 70 пайыздан астам меншік иелерінің келісімі қажет, деп түсіндірді "СПК-Ақтөбе" АҚ. Әрі қарай құжаттар мемлекеттік органдардың қарауына жіберіледі, жобалық-сметалық құжаттары жасалады. Дегенмен бүкіл процесс 5 айға дейін созылады.

“Келер жылға үлгереді. Өйткені кейде кейбір жалға берушілер бас тартып жатады, оның орнына біз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп үлгерсек, оны ауыстыра аламыз”, – дейді Олжас Зияев "СПК-АҚТӨБЕ" АҚ департамент директоры.

Биыл облыстағы үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуге республикалық бюджеттен 1 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл ақшаға Ақтөбе облысындағы 26 көпқабатты үй қалпына келтірілмек.

Талқылау