"Бұл – нағыз мұсылманның жауабы": Путин Малайзия премьер-министріне үш тақ туралы жұмбақ жасырды
Фото: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Путин баспасөз өкілдеріне Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагимге Кремльді аралатып жүріп жасырған жұмбағы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагим Ресейге үкімет төрағасы Михаил Мишустиннің шақыртуымен барған. Путинмен кездесуінде Ибрагим Ресейдің тарихы мен мәдениетіне қызығатынын айтады. Мұнысын бағалайтынын айтқан Путин оған Кремльді аралатып көрсетеді. Үлкен Кремль сарайындағы Андреев залына келгенде Путин Ибрагимге тақ туралы жұмбақ жасырады.
“Мен премьер-министр мырзадан: "Премьер-министр мырза, үш тақ тұр: біреуі – патшаға, екіншісі патшайымға арналған, ал үшінші тақ кімге арналған деп ойлайсыз?" деп сұрадым Премьер-министр мырза ойланбастан “екінші әйеліне” деп жауап берді”, – деп Путин Ибрагимнің көзінше журналистерге арада болған әңгімені баяндап берді. Бұған премьер-министрмен қоса залға жиналғандар да бір күлісіп алды.
“Бұл – нағыз мұсылманның, ислам мәдениеті өкілінің жауабы. Біздің дәстүрлі құндылықтарымыз сай келе бермейді десек те, ақпарат алмасу екі тарап үшін де маңызды”, – деп күлдірді Путин премьер-министрді.
"Менің бір әйелім бар. Бірақ бұл президенттің қандай да бір сынағы болған сияқты. Мен “Мынау әйеліне арналған, екінші жағындағысы да әйеліне арналған” деп жауап бердім”, – деп ақталмақ болды Ибрагим.
"Бірақ екінші тақ анасына арналған", – деп сол кезде жұмбағының жауабын айтты Путин.
"Оның (үшінші тақтың – ред.) анасына арналғанын түсіндім!" – деп сендірді Ибрагим.
Айта кетейік, Үлкен Кремль сарайындағы Андреев залының бір қапталында император тағы, оның екі жағында патшайым мен патшаның анасына арналған тақ орналасқан.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
