"Бұл – мемлекеттің ойыны": Серік Ибрагимов Талғар оқиғасына қатысты пікір білдірді
Танымал әнші Серік Ибрагимов Талғар трагедиясына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хаабрлайды.
Фото: https://www.instagram.com/ibragimovserik/
Эстрада жұлдызының сөзінше, қоғамда түрлі болып жатқан оқиғаларға өнер өкілдерінің пікір білдіруі міндетті емес көрінеді.
“Біздің әңгімемізді бұрын да тыңдамаған, қазір де тыңдамайды! Карантинның алдында әнші, актер, блогер жаман атқа қалып, сол карантинді жасаған біз сияқты көрініп едік. Сол кезде журналисттердің арасынан хайп қуғандар, абыройын, намысын ақшаға сатқандар бізге келіп қалың күйесін жағып қарапайым халықты айдап салған болатын. Қазірде солай болып тұр ғой. Қолында ұялы телефоны бардың бәрі жаңалықты көріп, қайғырып жатыр. Міне, халық жанашырлары”, – деп жазды әнші.
-
"Елде жемқорлық өршігенін айтқан": Марқұм Шерзат Полатқа рэп арнаған блогер айыппұл арқалады (видео)
Одан кейін өнер иесі еліміздегі заң жүйесінің әлсіз екенін де айтты.
“Кінәні танымал адамнан емес, осындай күйге түсірген заңнан іздеу керек. Бұл – мемлекеттің ойыны. Халықтың назарын басқа жаққа бұру. Бізге керек емес заңдар қабылданып жатыр. Теңгенің құлдырауы, газдың тапшы болуы әлі шешілген жоқ. Керек емес бағдарламаның көбеюі, қазақ тілінің мәселесі, мұғалімдердің мәртебесі… Айта берсең көп. Талғар мәселесіне де ойланып пікір білдіру керек. Ел іргесін ыдырататын қара пейілді адамдардың жоспарларын орындалуына да ат салысып кетуіміз мүмкін. Кешегі “Қаңтар оқиғасын” бір ойлап қойсаңыздар болады. Марқұм Шерзаттың отбасындағы жағдай өте қиын. Алла жеңілдік берсін! Дұға да болайық! Әділдік орнасын!”, – деді эстрада жұлдызы.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Полаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. 9 желтоқсан күні Талғардың шетінен Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.