"Бұл мәселе менің жеке бақылауымда": BI Group объектісінің аумағында зорланған қыздың оқиғасына қатысты Айдын Рахымбаев пікір білдірді

BI Group объектісінің аумағында болған зорлық оқиғасына қатысты компания жетекшісі Айдын Рахымбаев пікір білдірді. Айтуынша, ол мәселені жеке бақылауына алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгін мен маңызды мәселе - қоғамдағы зорлық жайлы тақырыпты көтермекшімін. Холдингтің мердігер ұйымның қызметкерінің бірі әріптесіне қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Біз бұл мәселеге ашулымыз. Зардап шеккен және күдікті мердігер ұйымдардың қызметкерлері болса да, өз деңгейінде қылмыстың алдын алуға әсер етпегендерді жауапқа тартамыз. Кінәлі және қылмысқа қатысы бар адамдар заңға сәйкес лайықты түрде жазаға тартылатынына сенімдімін. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда", - деді Айдын Рахымбаев.

Айтуынша, оны бұл мәселе қатты алаңдатады.

"Ер адам, жеті баланың әкесі ретінде мені қоғамымыздағы зорлық мәселесі қатты алаңдатады. Компаниямыз зорлыққа қарсы  күресу мақсатында барлық шараларды атқаруда. Ол үшін Этика Кодексы, анонимді желі, әйелдерді зомбылықтан қорғау бойынша тренингтер бар, психолог жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұл түйткілді мәселе жайлы бизнесмен достарымызбен бірге негізін қалаған "АНА ҮЙІ" қоғамдық қорының жұмысы арқылы жақын таныспын. 8 жыл ішінде біздің мамандар қиын өмірлік жағдайға тап болған мыңдаған әйелді қолдап, көмектесті, олардың жан жараларын сауықтыруға және харрасменттен ада жаңа өмірге бастама беруге көмектесті. Сондай-ақ, балалары бар әйелдер азаматтық некеде тұратын күйеулері тарапынан тұрмыстық зорлық көріп, орталыққа келіп, тыныштанған соң сол жерге қайта оралып жатады", - дейді ол. 

Біздің қоғам шұғыл түрдегі өзгерістерді талап етіп отыр, дейді Рахымбаев.

"Қыздары бар әке ретінде тұрмыстық зорлықтың толассыз ағынына тосқауыл қою керек деп есептеймін. Заңды қаталдату ғана емес, салдарынан зардап шегетін кей ерлердің ойын өзгерту керек. Қазақтарда әйелдің рөлі әрдайым ерекше болатын. 

Тек қыз балаға емес, ұл балаға да уақытылы дұрыс тәрбие беру керек және ең бастысы заң түрінде қатаң қадағалау қажет. Ауруымыздан ұялып, жасырудың орнына, ашық айтып, оны емдейік!", - деді Айдын Рахымбаев.

Айта кетейік, 21 наурызда бригадир екі сағат бойы жұмысшы қызды ұрып-соғып, зорлаған. Ер адам қызды жаңа жұмыс ұсынысымен сөйлесуге шақырған. Олардың әңгімесін ешкім естімеуі үшін каптеркаға баруды талап еткен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр