AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл ісім – менің қызметтік борышым": Атыраулық полицейлер ерліктері жайлы айтып берді

Атырау облысында биыл тоғыз полицей ерен ерліктері үшін марапатталған. Олардың әрқайсысы өз өмірлерін қауіпке тігіп, тұрғындарды аман алып қалған. Министр марапаттаған тәртіп сақшыларымен Stan.kz тілшісі әңгімелескен еді. 

полиция

Осы қыста Атырау қаласындағы Балықшы шағын ауданында Жайық өзенінің үстінде ойнап жүрген екі 15 жастағы жасөспірім, мұздың жұқа жерін басып қалып, өзенге түсіп кетеді. Жан дауыстары шыққан екі жасөспірімді полиция қызметкерлері естіп қалып, жұқа мұздың үстіне шығып, екі баланы аман алып қалады.

“Айқайлаған дауыстарын естіп қалып, бірден бардым. Мұз жұқа болды. Суға түсіп, балаларды алып шықтым. Үйлерін тауып, екі баланы апарып, жедел-жәрдем шақырдым. Құтқарылған Владимир мен Данилдің бірі – колледж студенті, екіншісі – 8-сынып оқушысы. Кейін ата-аналары алғыс айтты. Бұл ісім – менің қызметтік борышым”, - дейді полиция капитаны Асқар Қабдоллаев. 

Бір айдан соң, 16 наурызда жұрт шырт ұйқыда жатқанда, Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округіне қарасты Алға ауылындағы тұрғын үйдің бірінде өрт тұтанған. Жалынды дер кезінде байқаған учаскелік полиция инспекторлары Талғат Рахимов пен Біржан Махмудов, полиция аға сержанты Бақытжан Қадырбев жанып жатқан үйден 4 ересек адам мен 3 баланы сыртқа алып шықты. Тіпті өрт сөндірушілер келгенге дейін өздерінің кәсіби шеберлігін танытып, өрттің бетін қайтарды.

“Бірден үйге кіріп, тұрғындарды алып шықтық. Түнгі уақытта ойланып тұратын уақыт болмады. Бәрі аман-есен, медициналық көмек керек болмады. Кейде осы үйге барып, амандасып кетеміз”, – дейді полиция инспекторы Талғат Рахимов.

"Бір айналдырған қырсық шыр айналдырады" деген полцицейлер тағы бір айдан кейін, Жылыой ауданы Құлсары қаласында көпқабатты үйдегі өртенген пәтер тұрғындарын құтқарғандарын айтады. Өрт жайлы хабарды естіген төрт полиция қызметкері оқиға орнына жедел жетіп, өрттен 14 адамды, оның ішінде 10 жасөспірімді далаға алып шығып, құтқарған. 

“Электр желісінен ақау шығып, подьезді түтін басқан. Тұрғындарды аман алып шыққанымызға қуаныштымыз”, – дейді полиция қызметкерлері. 

Полиция қызметкерлерінің барлығы ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен, "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр