Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл ғажайып жағдай": 1,5 мың метр биіктен құлаған әйел аман қалды

Канадада 30 жастағы әйел шамамен 1,5 мың метр биіктен құлап аман қалды. Ол парашютпен секірген екен.

Әйел Канаданың Труа-Ривьер қаласының ауданында парашютпен секірген. Оның негізгі және қосалқы парашюттері ашылмай қалып, салдарынан орманды жерге құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап. 

Зардап шеккен әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оның бірнеше сүйегі, соның ішінде омыртқасының бірі сынған екен. Абырой болғанда, алған жарақаты оның өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ.

«Бұл ғажайып жағдай. Мұндай биіктікте ұшақтан құлаған адамның қалай аман қалғанын білмеймін», - дейді куәгерлердің бірі.

«Бәріміз әлденеден үміттендік. Ол үшін қатты уайымдадық», - дейді тағы бір парашютші. 

Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Анықталғандай, әйел бұған дейін парашютпен секіріп көрген екен. Тергеушілер қайғылы жағдайға салғырттық себеп болған-болмағанын тексеріп жатыр. 

Талқылау