Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл елімдегі жағдайдың тұрақсыздануына әкеп соғар еді – Тоқаев Назарбаев және заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы

Фото: akorda.kz

Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистің Қазақстанның бұрынғы көшбасшысы элиталарына берілген артықшылықтарды жою мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Біраз жетістікке қол жеткіздіңіз – тергеулер жүргізіліп, қаржы жымқырғандарға үкімдер шықты. Менің білуімше, 1,2 миллиард долларды қайтарып алдыңыздар. Бірақ кейбіреулер жұмыс әлі бітпеді деп санайды. "Назарбаев қоры", Halyk Bank сияқты экс-президентке қатысы бар бірқатар маңызды құрылым әлі де елеулі тексеруден өткен жоқ. Бұл жөнінде не ойлайсыз?" — деп сұрады журналист.

Al Jazeera журналисіне берген жауабында президент елдегі қаржы жымқыру фактісін растап, бұл салада тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

"Әрине, жұмысымызға сын айтылады. Бірақ қазірдің өзінде біраз іс атқардық – оның басым бөлігі халқымыздың, қоғамымыздың игілігі үшін істелді. Бұл ретте біздің жаңа тарихымызда тұңғыш көшбасшы болған президент Назарбаевтың тарихи рөлін мойындауымыз керек. Иә, қателіктер болды, жымқыру болды, өзіңіз айтқандай, тергеу жүргізіп жатырмыз, бұл процесс әлі жалғасып жатыр. Бірақ мен Қазақстанда тәртіпсіздік жасағалы отырған жоқпын, өйткені бұл елімдегі жағдайдың тұрақсыздануына әкеп соқтырар еді", – деді Тоқаев.

Еске салсақ, бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан мұнайын тасымалдаудың балама бағыттарына қатысты пікірін білдірді. Ол S&P Global агенттігінің қазақстандық мұнайды Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Ресейге жеткізуі мәселесін қозғады. 

Аида Тақабаева
Жұма, 30 Мамыр, 2025 11:06
Талқылау