Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл арсыздық": Айжан Нұрмағамбетова Қайрат Нұртасқа араша түсті

Айжан Нұрмағамбетова Қарат Нұртасқа араша түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бұл арсыздық: Айжан Нұрмағамбетова Қайрат Нұртасқа араша түсті

Қайрат Нұртас Шымкент қаласының құрметті азаматы атанып, артынша әншінің шулы видеосы тарап кеткен. Сүйікті әншілерінің ән айта алмай қалғанын көрген жұрт өнер иесіне әбден ашуланған еді.

Алайда, Қараттың өнердегі әпкесі Айжан Нұрмағамбетова кез келген әншінің жаны бар, шаршап тұруы, ауырып тұруы мүмкін дейді. Ал сондай қолайсыз уақытты пайдаланған адамдар қызғаныштан осындай қадамға барып, әншіні жаман қырынан көрсетті дейді ол. 

"Бұл арсыздық. Шаршап, ауырып тұрғанда, біреу жамандық жасады. Оның Шымкенттің құрметті азаматы атанғанын біреу көре алмай қалды. Бір бірімізге қолдау көрсетудің орнына жамандық жасаймыз. Біреу көре алмай қалды. Дыбыс режиссер жайдан жай жасаған жоқ қой. Оған біреу ақша төйледі. Жігіттер, қыздар, бұл дұрыс емес", - дейді Айжан Нұрмағамбетова. 

 

Талқылау