Бұқтырмадағы қайықтың суға батуы: Кінәлілер екі жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін
Бұқтырма су қоймасында қайықтың батуына кінәлілер екі жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.
Дауылды ескертуге қарамастан, экипаж туристерге қайықпен саяхаттауға тыйым салмаған. 20 метр секундына дейін соққан желден 21 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі бар қайық аударылған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жағалауда болған төрт ер адам қайықтың батқанын көріп, катер және скутермен көмекке келген.
"Алдымен балаларды шығарған, яғни кәмелетке толмағандарға көмектескен. Кейін екінші рет келіп, ересектер мен экипаж мүшелерін алып шыққан", – деді Шығыс Қазақстан облысы ТЖД басшысының орынбасары Арман Тоқанов.
Құтқарылған азаматтар өздерін жақсы сезінеді. Қазір аталған дерек бойынша сараптама жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында бортында 24 жолаушысы бар қайық дауыл кезінде суға батып кеткені туралы хабарлаған едік.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
