Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұған тосқауыл қойылмаса, қалғанының бәрі бекер": Түркістан облысының әкімі қарамағындағыларды сынға алды

Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев өңірдегі аудандар мен қалалар әкімдерінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезекті кеңесте Шөкеев өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндамаларды және соңғы көрсеткіштерді тыңдады. Белгілі болғандай, облыста әлі күнге дейін отбасылық мерекелік іс-шаралар тоқтамаған.

Бүгінге дейін 535 тыйым салынған шара өтсе, оның 226-ы қоғамдық тамақтану орындарында, қалғаны тұрғындардың өз ауласында өткізілген.

Мұны білген Шөкеев аудандар мен қалалар әкімдерінің жұмысын сынға алды.

"Осыған орай барлық аудан, қала әкімдері аймақ басшысының қатаң сынына ұшырады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалды біле тұра, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тынымсыз жүргізіліп келе жатқан тексерулерді елемегендерге жаза, жауапты басшыларға шара қоданылмақ.

Той-томалақ барлық аудандарда бар. Эпидемиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін біле тұра, той жасайтындарды тоқтату керек. Тойға жан-жақтан тамыр-таныс жиналады. Бұған тосқауыл қойылмаса, қалған тірліктің бәрі бекер. Тез арада тиісті шара қолданылсын", - деді Өмірзақ Естайұлы.

Соңғы 5 айда облыс бойынша жасақталған 119 мобилді топ құрамы және аумақтық Полиция басқармалары қызметкерлері тарапынан 36765 нысан араланып, 5 194 карантин режимі талаптарының бұзушылықтары анықталған.

Талқылау