Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұдан да қымбатқа сатуға болатын еді: Мухоряпов Aviata және Chocotravel-ді сатуға қатысты айтты

Рамиль Мухоряпов Aviata және Chocotravel қызметтерін сату бойынша келіссөздің егжей-тегжейлерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Choco Aviata мен Chocotravel-ді Freedom холдингіне 32,3 миллион долларға сатты. Бұл бүгінге дейін Қазнетте болған ең көлемді келіссөз", - деп жазды Chocofamily холдингінің  негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов.

Мухоряповтың айтуынша, бұл қызметті одан да қымбатқа сатуға болар еді, бірақ "әлемдік аналогтардың бағалауы төмендеуіне" байланысты қазіргі уақытта 32,3 миллион доллар нарықтық баға болып табылады. Оның айтуынша, сату бойынша келіссөздер келісім шарт жасалған күннен бастап 12 айға созылған.

Мухоряпов қызметтің сатып алушысы, сатушысы және пайдаланушыларына келетін артықшылықтарды санамалап берді: "Freedom жоғары аудиторияны, нарықтағы жоғары үлесті, ақшалай қаражат әкелетін активті және дайын кәсіби команданы алады. Aviata пайдаланушылары Freedom-нан кэшбэк алу және бөліп төлеу қызметтерін тұтына алатын болады. Choco болса, қарыздарын толық өтеу, акцияларды сатып алу, тез дамып келе жатқан жарнама және жеткізу бизнесіміздің әлеуетін іске асыру үшін өзі ресурстармен қамтамасыз ету үшін қолма-қол ақша алады. Мухоряпов сондай-ақ стартап нарығы жақсы көрсеткішке ие болып жатқанын, Қазақстанда табысты интернет-актив жасап, оны тоғыз жылда ондаған миллион долларға сатуға болатынын атап өтті. "Жалпы, Қазақстанда стартаптарды сатып алатын стратегтің пайда болуы өте құнды. Freedom – әдемі!" – деп сатушы өз эмоциясымен бөлісті.

Еске салсақ, бұған дейін Freedom Holding Choco Holding-тен Aviata және Chocotravel сервистерінің 100 пайыздық үлесін сатып алғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау