Алматылық қонақүйде қызын өлтірді деп айыпталған британдық азамат аштық жариялады
Алматы қонақүйінде бір жарым жасар қызын өлтірді деп айыпталған британдық Мохамед Баракат сот шешіміне қарсы наразылық ретінде аштық жариялады, деп хабарлайды Daily Mail-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мен сейсенбіден бастап тамақтануды тоқтаттым. Мен аштық жарияладым. Мен судьяға наразылық білдіремін. Егер олар осылай жалғастыратын болса, мен бұдан былай тамақтанбаймын, - деді Баракат.
Сотталушы судья Бақытхан Бәкірбаевқа қарсы наразылық білдіруде. Баракат пен оның адвокаттары шешімді объективті емес және бірнеше процедуралық қателіктер үшін айыптайды.
Бұған дейін британдық азамат судьядан бас тартуды талап еткен.
2019 жылғы 24 қазан күні таңертең Алматыдағы бес жұлдызды отельде әкесі бір жарым жасар қызын ұрып-соққан. Бүлдіршін көз жұмды. Кісі өлтірді деген күдікпен оның әкесі, Ұлыбритания азаматы Баракат Мохамед қамауға алынды. Ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”